A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:10 0

ШҚО әкімі Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыс тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

— Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз - жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен ынтымақтың бастауы. Көктемнің келуімен табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданады. Бұл - үміт пен ізгіліктің, жақсылық пен берекенің салтанат құрған шағы. Бабаларымыз осы күнді айрықша қадірлеп, оны татулықтың символы ретінде ұлықтаған. Мемлекет басшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Шығыс Қазақстанда да бұл игі дәстүрлер үзілмей, азаматтарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны аялауға шақыратын шаралар қолға алынып жатыр. Әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілеймін. Жаңа бастамаларға толы бұл кезең өңіріміздің дамуына тың серпін бергей! - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив