A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:00 0

ШҚО әкімі еріктілермен бірге бұлақ көзін ашты

Бүгін / ШҚО

Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күні атап өтіліп жатыр. Соған орай өткен экологиялық акцияға өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа үндеу жасап, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын «Мөлдір бұлақ» акциясын бастап берді. Облысымыздың әр қала, ауданында тиісті жұмыстар қолға алынды. Елдегі су қорының 40 пайызы орналасқан біздің өңірде арықтарды тазалау, бұлақтардың көзін ашу жылда жүргізілетін маңызды жұмыс, - деді облыс әкімі.

️Нұрымбет Сақтағанов әуелі еріктілермен бірге Өскемен іресінде орналасқан Шешек асуындағы бұлақтың көзін ашты. Одан соң Бестерек пен Сағыр ауылдарының ортасындағы Ұранқай өзеніне қарай жол тартты. 

Мұнда мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және жергілікті тұрғындармен бірге тазалық шараларына қатысты. Бүркітбастау бұлағының көзін ашып, өзеннің арнасы мен жағалауын қоқыстан тазартты.

- Тазару күні - табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға үндейтін күн. Десе де тазару - тек айналаны тазарту ғана емес, ол - ой мен ниетті, өмір салтымызды жаңғырту, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге ұмтылу. Ортақ Отанымыздың экологиялық тепе-теңдігін сақтау - баршамызға міндет, - деді аймақ басшысы. 

Айта кетейік, бұлақ көзін ашу - көктемгі жаңаруды бейнелейтін, ата-бабалардан мирас болған игі дәстүр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив