A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 15:30 0

ШҚО әкімі: Өңірімізді таза, көрікті ету үшін бәріміз бірлесе жұмыс істеуіміз керек

Бүгін / ШҚО

Бүгін облыс әкімдігінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын іске асыру барысы бойынша жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Наурызбай Сармурзиннің айтуынша, биыл халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарланған.

- Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, Шығыс Қазақстанда 2024-2029 жылдары жалпы саны 450 мыңнан астам көшет отырғызу көзделген. Оның 248,5 мыңы 2024-2025 жылдары егілді. Ал осы жылы 111,2 мың көшет отырғызылмақ, - деді ол.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға 150 мыңға жуық адам қатысты. 259 техника жұмылдырылып, 3 800 тонна қоқыс шығарылды. Барлығы 3 400-ден астам аула тазартылды, оның ішінде 801 көпқабатты тұрғын үй ауласы және 2 602 жеке тұрғын үй аумағы бар. 

Сондай-ақ өңір бойынша «Үлгілі ауыл» және «Таза аула – таза қала, аудан» байқауларын өткізу жоспарланып отыр. 

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде «Таза Қазақстан» жобасының қалалар мен аудандардың экологиялық жағдайын жақсартуда маңызы зор екенін жеткізді. 

- Наурыз мейрамында ата-бабаларымыз есік алдындағы ауласын сыпырып, қоқыстан тазалап, күлді, төккен суды баспауды балаларға үйреткен. Біз де сол дәстүрді жалғастырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Тазалық тек әкімдердің міндеті емес, әр отбасының жауапкершілігі екенін халыққа жеткізу қажет. Өңірімізде таза, көрікті ету үшін барлық қызметкерлер мен тұрғындар бірлесіп жұмыс істеуі тиіс, - деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив