A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:40 0

ШҚО-да қардың қарқынды еруі басталып, тәулік бойы мониторинг жүргізілуде

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өңірде су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын бақылап, су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып тексеруде.

Аталған жұмыстар жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, тасқын қаупі туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған.

Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдайдың тұрақты екені анықталды. Облыстың көптеген өзенінде мұздың әлсіреуі байқалады, ал кейбір өзендерде мұздан ашылу жүріп жатыр. Қауіп төндіретін су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив