A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 21:00 0

ШҚО-да «Алтайым – алтын бесігім» республикалық командалық айтыстың жеңімпаздары анықталды

Бүгін / ШҚО / Руханият

Бүгін облыстық филармония залында өткен өнер додасына Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының ақындары мен өнерпаздары қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айтыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл өнердің ұлттық құндылық ретіндегі маңызын атап өтті.

– Айтыс – ұлттың жаны, төл өнердің ұлы көші. Айтыс десе, көз алдымызға қазақ халқының ұлттық болмысы, салт-санасы мен сан ғасырлық мәдениеті келеді. Былтыр ашылған Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебі талай жастың талабын ұштап, өнерге баулып келеді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанда жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі екі айтысты тұрақты түрде өткізу дәстүрге айналды, – деді аймақ басшысы.

Айтысқа әр өңірден 10 адамнан құралған командалар қатысты. Қатысушылар тек суырыпсалма өнер көрсетіп қана қоймай, терме айтып, жыр орындап, халық әндерін шырқап, күй тартты.

Бұл ерекше форматтағы жоба 2024 жылдан бері «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Жобаның авторы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай. Ал байқауға төрелік етіп жүрген – айтыс өнерінің абызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Сайыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив