A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да 7000-ға жуық адам көлік салығын төлемей жүр

Бүгін / ШҚО

Облыстағы көлік иелеріне 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталатыны туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өңірде көлік саны артып келеді. Соңғы деректер бойынша 260 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Соған сәйкес салық түсімдері де өсуде. Яғни, биыл есептелген сома 5 трлн теңгеден асты.
Алайда бәрі бірдей уақытында төлемейді. Қазірдің өзінде облыста 6 900-ден астам адам 385 млн теңгеге жуық қарыз болып отыр.
Мамандар салықты кешіктірген жағдайда айыппұл мен өсімпұл қосылатынын ескертеді. Ал берешек ұзақ уақыт өтелмесе, іс жеке сот орындаушыларына жіберіліп, шоттар бұғатталып, мүлікке тыйым салынуы мүмкін. Тіпті елден шығуға немесе көлік жүргізуге шектеу қойылады.
Ал 2026 жылдан бастап 10 жылдан асқан көліктерге салық 30%-ға төмендейді 20 жылдан асқан көліктерге — 50%-ға дейін азаяды.
Салықты e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk қосымшалары арқылы оңай төлеуге болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив