A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жүргізілуде

Бүгін / ШҚО

Су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Үлкен Нарын, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай  аудандарының аумақтарына әуеден барлау жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыс аумағының шамамен 85%-ын қар жамылғысы алып жатыр. Төменгі және оңтүстік аудандарда қар жоқ, негізгі қоры таулы аймақтарда шоғырланған.
Әуеден шолу барысында Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасының бөгеті тексерілді. Төтенше жағдайдың туындау қаупі жоқ.
Сонымен қатар Қандысу су қоймасы да тексерілді. Қазір нысан транзиттік режимде жұмыс істейді.
•⁠  ⁠Жалпы тексерілген аудандар бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, гидробекеттердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен. Өзен арналарынан су тасып шығу фактілері тіркелген жоқ, — деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив