A+ A A-

talgatzhan 33 30-03-2026, 09:45 0

Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында күміс медаль алды

Бүгін / ШҚО / Спорт

ШҚО әкімі Руслан Құрбановты семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде күміс медальға қол жеткізуімен Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы әлемнің ең мықты семсерлесушілерін жеңіп, жүлделі екінші орынды иеленді.

- Руслан Құрбанов жарқын, батыл әрі кәсіби ойын көрсетті. Шығысқазақстандық семсерлесуші әлемнің 277 үздік спортшысы қатысқан тартысты бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін де біз оның Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогындағы жеңісіне куә болған едік. Русланды, оның жаттықтырушысын және жанкүйер болған туған-туыстары мен жақындарын шын жүректен құттықтаймын! Спортшымыз осы қарқыннан таймасын! - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив