28 наурызда Шығыс Қазақстан облысы халықаралық Жер сағаты экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дәл сағат 20:30-да өңірде бір сағатқа жарық сөндірілді. Бұл – табиғатты аялаудың және болашаққа деген жауапкершіліктің белгісі.
Акцияға мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар белсенді қатысты. Обылста бұл бастаманы 100-ден астам кәсіпорын қолдады.
Ертіс жағалауы, Үлбі көпірі, орталық алаң және қаланың басты көшелеріндегі жарықтар өшірілді.
«Жер сағаты» – әлемдегі ең ауқымды экологиялық акция. Жыл сайын оған 180 елден 2 миллиардтан астам адам қатысады.
Пікірлер