ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, жылыту маусымы басталғалы бері көміртек тотығынан уланудың 19 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД қызметкерлері жүргізген рейдтер барысында пешпен жылыту жүйесін пайдалануға қатысты 12 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, түтін мұржаларының ақауы және бітеліп қалуы, пештің жарылуы.
Көміртек тотығы адамға тез әрі байқатпай әсер етеді.
Мамандардың айтуынша, маусымаралық кезеңде пешті пайдалану қағидаларына деген бақылау әлсірейді. Бұл өз кезегінде қайғылы жағдайларға әкеледі.
Сондықтан ШҚО ТЖД мамандары келесі ережелерді сақтауға шақырады: отын толық жанып біткенше пештің жапқышын жаппау, түтін мұржаларын үнемі тазалау, пешті қараусыз қалдырмау, көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнату.
Пікірлер