A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 10:50 0

ШҚО-да 50-ге жуық көлікті пайдалануға тыйым салынды

Бүгін / ШҚО

Өңір аумағында профилактикалық және рейдтік шаралар өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде облыс жолдарында жол жүрісі қағидасының 500-ден астам бұзушылығы анықталды. Басым бөлігі қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, маневр жасау қағидаларын бұзу, жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтамауына байланысты болды.

- Полиция қызметкерлері масаң күйде көлік басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, тыйым салынған бағдаршам белгісіне өту, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректерін анықтады, - делінген полиция ақпаратында. 

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдаланудың жолын кесу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50-ге жуық көлікті пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде электр самокаттары, мопед және жеңіл автокөліктер бар.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив