2–3 сәуір күндері облыс әкімдігінің жанындағы авиабөлімшенің техникасымен су тасқынына қарсы әуеден барлау жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмысқа тартылған «АП-ШҚО» тікұшағы 365 шақырымдық бағытты қамтыды: «Өскемен – Шемонаиха – Жоғарғы Үбі – Риддер – Малоубинка су қоймасы – Өскемен». Авиацияның арқасында мамандар қар және су қоры, қауіп төнуі мүмкін аймақтардың жағдайын егжей-тегжейлі бағалай алды.
- Жұмыс тобына әкімдіктің бейінді басқармалары, ТЖД, гидрометеорологиялық қызмет және бассейн инспекциясының өкілдері кірді. Әкімдіктің авиациялық техникасы осындай шаралардың тиімділігін жедел ден қоюдан талдау дәлдігіне дейін арттырады, - делінген ШҚО әкімі баспасөз қызметінің ақпаратында.
Әуеден барлау барысында су тасқыны қаупі жоғары аудандарға ерекше назар аударылды. Мысалы, Глубокое ауданының қар қоры 80%-ға жетсе, Секисовка ауылында қар қалыңдығы 40 см-ге дейін, су қоры қалыпты деңгейде тіркелді. Жоғарғы Үлбінің таулы аймағында (Үбі өзенінің бассейні) қар биіктігі 1 метрден асты. Риддерде қар жоқ, тек көшкін байқалды. Малоубинка су қоймасында қар қоры 250 см-ге жеткенімен, су қоры қалыпты деңгейден 10–15%-ға төмен.
Бірінші санатты шеф-ұшқыш Денис Грунскийдің айтуынша, тікұшақ экипажының су тасқынына қарсы шараларға қатысу тәжірибесі мол, бұл әуе бақылауын барынша дәл жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бортта 40 жылдық тәжірибесі бар гидролог жұмыс істеді.
Сонымен қатар «Өскемен – Алтай ауданы – Үлкен Нарын ауданы – Катонқарағай ауданы – Өскемен» бағыты бойынша қосымша әуеден барлау ұйымдастырылды.
Қазір Шығыс Қазақстандағы су тасқыны жағдайы тұрақты, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай әкімдік пен жедел қызметтердің тәулік бойы бақылауында.
Пікірлер