A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 14:50 0

ШҚО тұрғындарының табысы ел бойынша орташа деңгейден жоғары

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі тұрғындардың жан басына шаққандағы айлық табысы артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

2025 жылдың IV тоқсанында бір адамға шаққандағы орташа жалақы 282 775 теңгеге жетті. Ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 252 637 теңгені құраған еді. Осылайша, облыс тұрғындарының табысы бір жылдың ішінде шамамен 11,9%-ға артты. 
Жалпы Қазақстандағы орташа жалақы 2025 жылдың IV тоқсанында 254 446 теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,8%-ға өсті. 
Табысы жоғары аймақтар қатарында ірі қалалар көш бастап тұр: Алматыда жан басына шаққандағы орташа табыс 410 418 теңге, ал Астанада 371 303 теңгені құрады. Өңірлер арасында табыстың ең жоғары өсімі Ақмола облысында (17,3%) және Жетісу облысында (16,9%) тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив