2026 жылы обылста бірқатар мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен 18 сәуірде Шемонаиха ауданында (Березовка өзені) RFC форматындағы «Spring Challenge» жол талғамайтын көліктер жарысы өтеді.
Мамыр:
5-11 мамыр — Алтай ауданында (Жаңа Бұқтырма кенті, «Оникс» демалыс базасы) III Халықаралық бағдарлау фестивалі;
23 мамыр — Өскемендегі Республика алаңында «World Orienteering Day»;
24 мамыр — Өскемендегі Ертіс жағалауында «Kaz Minerals Half Marathon Oskemen 2026» жартылай марафоны;
29 мамыр — Сібе көлдерінде (Шалқар көлі) жазғы маусымның ашылуы;
30 мамыр — Глубокое ауданындағы «Заречье» қонақүйінде «Summer Fest 26».
Маусым:
1-2 маусым — Риддер қаласында «Ата-Мұра» ұлттық ойындары;
3-4 маусым — Өскеменде «Ғасырлық дәстүрлер» республикалық этнофестивалі;
6 маусым — Шемонаиха ауданында бәйге, «Алтай Альпілері» аумағында «Altay Race 2026» тау жарысы және Самар ауданында «Sarybel» open-air фестивалі;
13 маусым — Риддерде «Ski Summer Fest 2026»;
19–21 маусым — Алтай ауданында «МиГ» фестивалі;
20 маусым — Самар ауданында «Qymyz Fest» этнофестивалі;
27 маусым — Өскеменде «Летний улов – 2026» фестивалі.
Шілде:
4 шілде — «Baja Games Samar»;
5 шілде — «Radon Race 2026»;
8 шілде — Риддерде «Арт-Бум» фестивалі;
10-11 шілде — Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі;
10-12 шілде — Риддерде «Altay Golden Fest»;
17-19 шілде — Глубокое ауданында мотофестиваль;
18-19 шілде — «Алтын Тұрғысын» өнер фестивалі;
20 шілде — Бобровка ауылында «Honey Fest»;
25 шілде — «Убинские распевы» және «Samar Color Fest»;
29 шілде — Үлкен Нарын ауданында парапланеризмнен халықаралық чемпионат.
Тамыз:
1 тамыз — «Белухаға жүгіру» және «Жасыл алаң 2026» экослеті;
9 тамыз — Катонқарағай ауданында «Медовый спас»;
15-16 тамыз — Риддерде бал фестивалі;
22 тамыз — Өскеменде «Лондон – Өскемен» халықаралық раллиінің мәресі;
22-24 тамыз — «Бардовский Спас»;
25 тамыз — «Велотур-2026» туристік фестивалі мен велошеру;
30 тамыз — Өскемен қаласының күні;
31 тамыз — Риддерде отбасылық велочеллендж.
Қыркүйек:
24-27 қыркүйек — «Шығыс Салбурыны-2026» фестивалі;
25 қыркүйек — «Қазақстан» тауына жүгіру;
26–27 қыркүйек — Риддерде шаңғы роллерінен чемпионат;
27 қыркүйек — Дүниежүзілік туризм күніне арналған фестиваль;
Қазан:
17 қазан — «October Fest» гастрономиялық фестивалі;
24 қазан — «Күршім Салбурыны – 2026».
Қараша:
28 қараша — Глубокое ауданында қысқы демалыс фестивалі.
Желтоқсан:
5 желтоқсан — «Алтай Альпілерінде» қысқы туристік маусымның ашылуы және «Grand Tour Biathlon» Риддерде биатлоннан ҚР Кубогы (5–11 желтоқсан);
18 желтоқсан — Литвиновкада маусымның ашылуы және «Аяз Ата – Ақшақар – 2026» фестивалі;
19 желтоқсан — ски-кросс және сноуборд-кросс жарыстары, қысқы фестиваль;
20 желтоқсан — Өскеменде басты жаңажылдық шыршаны жағу рәсімі.
Пікірлер