A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:45 0

ШҚО экономистері Әзірбайжанда сүт өнімдеріне қатысты зерттеу жүргізіп қайтты

Бүгін / ШҚО

Арнайы зерттеу тобы құрамындағы экономистер Алма Байгужинова мен Ләйлә Ахметова Бакудегі Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті (UNEC) базасында сүт өнімдері қосалқы жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жоба аясында ғылыми зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зерттеу мақсаты не?

Аталған зерттеу «Цифрлық логистика жағдайында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің сүт өнімдері қосалқы жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты ғылыми жоба (ИРН AP26101867) шеңберінде жүзеге асырылды.
–  Бүгінде сүт өнімдерінің бағасының өсуі халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етуде. Ресми статистика деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есеппен 13,5%-ға өсті, оның ішінде сүт өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша өсім шамамен 7%-ды құрады. Сонымен қатар, салада импортқа тәуелділік жоғары деңгейде сақталуда: 2024 жылы сүт өнімдерінің импорты 443 млн АҚШ долларына жетіп, бұл үрдіс 2025 жылы да жалғасуда, – делінген мәліметте.
Сонымен қатар экспорт көлемі айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр: алдын ала деректер бойынша, 2025 жылы ол шамамен 34,7 мың тонна, 66,4 млн АҚШ доллары көлемінде болды. Сарапшылар пікірінше, өнімнің өзіндік құнының едәуір бөлігі логистикалық және транзакциялық шығындардың жоғары болуымен байланысты, кейбір жағдайларда бұл көрсеткіштер дамыған елдермен салыстырғанда 2-3 есе жоғары.
Экономистер сүт өндірісі бойынша Шығыс Қазақстандағы жағдайға да тоқталды. Соған сәйкес былтыр өңірде 260 мың тоннадан астам сүт өндірілді.
 – Оның 78,7 мың тоннасы сүт-тауарлы фермаларына тиесілі. Осыдан біздің өңір республика бойынша 4-ші орынға жайғасты және саладағы тұрақты өсімді байқатады. Айта кетерлік жайт, сүт өңдеу қуатын 62% деңгейінде жүктеу кезінде 129 мың тоннаға жетті, – деді экономист.

Сүт бағасын қолжетімді етуге бола ма?

Жоба аясында Қазақстанға сүт өнімдерінің негізгі импорт көлемін қамтамасыз ететін, сондай-ақ экспорт бойынша маңызды сауда серіктестері саналатын елдерге халықаралық ғылыми іссапарлар жоспарланған. Бұл тиімді жеткізу тізбектерін ұлттық жағдайға бейімдеуге мүмкіндік беретін көрінеді. 
– Зерттеу алаңы ретінде неліктен Әзірбайжан таңдалды десеңіздер, бұған Қазақстанның сыртқы сауда операцияларындағы рөлінің артуын мысал етуге болады. Сүт өнімдерін, әсіресе ферменттелген өнімдерді (йогурт, айран және т.б.) экспорттау басым бағыттарының бірі. Одан бөлек, бұл бағыттағы жеткізілім көлемі шамамен 2,2 мың тоннаны құрады, – өңір экономистері.
Баку қаласында зерттеу тобының мүшелері ғылыми-әдістемелік семинар өткізіп, «Халықаралық сауда және логистика» және Экономика бағыты бойынша білім беру бағдарламалары аясында әріптестерімен тәжірибе алмасты, сондай-ақ сұхбаттар мен сараптамалық талқылауларды қамтитын зерттеулер жүргізді.
Зерттеу жұмыстары университеттің ғылыми кітапханасында да жүргізілді, онда логистиканы цифрландырудың заманауи тәсілдері зерделенді. Сонымен қатар, жеткізу тізбектерін және тұтынушылардың мінез-құлқын талдауға бағытталған далалық және маркетингтік зерттеулер жүргізілді.
Алма Байгужинованың сөзінше, бүгінде сүт өнімдері бағасын төмендетудің негізгі резерві дұрыс логистиканы оңтайландырумен қабысып жатыр. Цифрлық шешімдер өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдегі шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін сыйңайлы.
Ал Ләйлә Ахметованың айтуынша, цифрлық платформаларды енгізу жеткізу тізбектерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, шағын өндірушілердің нарыққа интеграциялануына ықпал етеді. 

Асыл АЙТБАЕВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив