A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:40 0

ШҚО-да үздік тергеушілер марапатталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаментінде Тергеу органдары қызметкерлерінің күні атап өтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынға офицерлер, ардагерлер және шақырылған қонақтар қатысты. 
ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков тергеушілерді кәсіби мерекемен құттықтап, тергеу жұмысы жоғары біліктілікті, табандылықты және жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.
Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығына ерекше назар аударылды. Тәжірибесі мен кәсібилігі жоғары, жас офицерлер үшін бағыт-бағдар болып жүрген ішкі істер органдарының ардагерлеріне алғыс айтылды. Полиция қызметкерлерінің ата-аналары да ерекше құрметке ие болды. 
Адал қызметі мен ерекше көрсеткіштері үшін тергеу бөлімшелерінің 27 қызметкері ведомстволық марапаттар пен құрмет грамоталарын алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив