ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, былтыр өңірде 9 бала терезеден құлап, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында құтқарушылар ерекше тәсілді қолға алды.
Енді тұрғын үй аулаларының үстінен ұшырылған дрондар дауыс арқылы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Осылайша, заманауи технологиялар алдын алу жұмыстарына тартылды.
Рейд барысында ШҚО ТЖД қызметкерлері ата-аналардың москитті тордың қауіпті екенін ескертті. Мамандар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы терезе құлыптары мен бекіткіштерді орнатуға кеңес береді.
Пікірлер