ШҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының өкілдері қос азаматтық фактілерінің жолын кесу бағытында жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері 250-ден астам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегі тіркелді. Басып көпшілігі - басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдап, қолданыстағы заңнама талаптарын орындамаған тұлғалар.
Нәтижесінде 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7 млн теңгеден асты.
Мысалы, тексеру шаралары барысында облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Ол ақпан айында көрші мемлекеттің азаматтығын алып, заң талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде хабарламаған. Нәтижесінде оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылданып, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары тәркіленіп, азаматтығынан айырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Пікірлер