Өңірде онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші 7,9%-ға қысқарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ерте диагностиканың үлесі 34,2%-дан 34,4%-ға дейін артты.
Бүгінде өңірдегі дәрігерлер аурудың алдын алу, скринингтік бағдарламаларды кеңейту және дертті ерте кезеңде анықтау бағытында жұмыс істеуде.
Профилактикалық шаралар қолға алынды. Жыл басынан бері 3 Ашық есік күні өтіп, 2 850 адам тексеруден өтті. Нәтижесінде 17 тұрғыннан қатерлі ісікке күдік анықталса, 101 науқаста обырға дейінгі жағдайлар тіркелді. Барлығы мамандардың кеңесін алып, қосымша тексерулерге жіберілді.
Пікірлер