A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:50 0

Суға кете жаздаған екі адамды құтқарған ШҚО тұрғынына министрліктен медаль бұйырды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2025 жылдың 21 маусымында Нұрахмет Қымбат Марқакөл ауданындағы Ертіс өзенінің маңында демалып жүрген. Кенет көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан екі адамды байқады. Ер адам оларды құтқаруға асықты. Алайда күшті ағынның салдарынан өзі көз жұмды. 

Нұрахмет Қымбат көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ҚР ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Оны марқұмның отбасына ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов табыстады. 

- Нұрахмет Қымбат өз өмірін басқалар үшін қатерге тігіп, шынайы азаматтық борышын, батылдығы мен жанқиярлығын көрсетті, - делінген ШҚО ТЖД ақпаратында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив