Өңір полицейлері көші-қон саласында тәртіп орнату жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, мұндай рейдтердің басты мақсаты — құқықбұзушылықтардың алдын алу және шетелдіктерге елде болу ережелерін түсіндіру.
Көші-қон қызметі шетел азаматтары көбіне жұмыс іздейтін орындарды, оның ішінде базарларды, кәсіпорындарды және құрылыс алаңдарын тұрақты түрде тексеруде.
- Құрылыс нысандарының бірінде 28 адамның заңсыз еңбек еткені анықталды. Олардың жұмыс істеуге қажетті рұқсат құжаттары болмаған. Тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтың жолын кесіп, әр шетел азаматымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарды дұрыс рәсімдеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді, - делінген ШҚО ПД мәліметінде.
Пікірлер