«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтардың полиция қызметіне мобильді сервистер арқылы жүгінуіне мүмкіндік беретін жүйе енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді өтініштерді тек «Police-102» профильдік қосымшасы арқылы ғана емес, «eGov Mobile», «Kaspi.kz» және «Halyk Bank» қосымшалары арқылы да жолдауға болады
- Аймақ тұрғындары цифрлық байланыс жолын жиі таңдайды. 2026 жылдың алғашқы үш айында онлайн-сервистер арқылы 379 өтініш түсті. Бұл өңірде цифрландыру үрдісінің күшейгенін және азаматтарға кез келген оқиға туралы сол сәтте хабарлау әлдеқайда ыңғайлы болғанын нақты дәлелдейді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
«eGov Mobile» арқылы 205, «Kaspi.kz» арқылы 112, «Police-102» арқылы 59 хабарлама келіп түсті. Олардың 211-і жол жүрісі қағидаларын бұзу деректеріне қатысты.
Сонымен қатар цифрлық арналар тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері мен кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған оқиғаларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Аталған деректер бойынша заңды процестік шешімдер қабылданды.
ШҚО Полиция департаментінің өкілдері азаматтарды қолжетімді цифрлық сервистерді белсенді пайдалануға шақырады.
Пікірлер