A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 11:35 0

ШҚО-да күн суытады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» РМҚ 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып сақталады, жаңбыр жауады.

9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады. 

Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

түнде 0–8 градус жылыдан 0–5 градус аязға дейін,

күндіз 10–23 градустан 7–15 градусқа дейін.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив