A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:25 0

ШҚО-да 16 адамды кене шақты

Бүгін / ШҚО

Биыл аймақта кенелердің белсенділігі әдеттегіден ерте басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

7 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 16 адамды кене шақты. Олардың барлығы кене энцефалитіне қарсы вакцина алды. Қазір өңірдегі медициналық мекемелерде иммуноглобулин қоры жеткілікті.
- Зардап шеккендердің арасында кене инфекциясы анықталған жоқ. Ұзақ мерзімді талдау бойынша энцефалит пен басқа инфекциялар мамыр айында тіркеледі. Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха, Ұлан, Алтай, Самар аудандары мен Өскемен, Риддер қалаларының шетінде кене энцефалитінің ошақтары бар, - деді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив