A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:30 0

ҰОС ардагері Құрмат Рахимов 102 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Бүгін / ШҚО

Соғыс ардагері, офицер Құрмат Рахимов 1924 жылы өмірге келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

1942 жылы майданға шақырылып, Беларусь, Литва, Шығыс Пруссия бағыттарында соғысты. Кенигсбергті алу операциясына қатысқан. Ерлігі үшін жауынгерлік наградалармен марапатталған. Соғыстан кейін әскери училищені тәмамдап, ел шекарасында қызмет атқарды. Кейін ішкі істер органдарында жұмыс істеп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосты. Өскемен қаласында облыстық ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған.

– Құрмат Рахимов ұзақ ғұмырында елге адал қызмет етті. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жаны жәннатта болсын, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Ақпарат: shko.akim.official

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив