A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:40 0

Шығысқазақстандық мұғалім «Үздік тревел-блогер» сыйлығын жеңіп алды

Бүгін / ШҚО

Қазақстандық саяхатшы-блогер және видеограф Дастан Мұхамедрахим «Үздік тревел-блогер» номинациясы бойынша беделді халықаралық WIBA Awards 2026 сыйлығына ие болды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл марапатты сандық контенттің «Оскары» деп те атайды.
Дастан Мұхамедрахимнің контенті Шығыс Қазақстанның тауларынан бастап Маңғыстаудың ландшафтарына дейінгі елдің табиғатына арналған. Бейнероликтері мен оларды жасаудағы ерекше тәсілінің арқасында Дастан Мұхамедрахимның әлеуметтік желідегі парақшасына қазірдің өзінде 1,6 млн астам адам тіркелген.
Шығыс Қазақстан облысынан шыққан Дастан мансабын қазақ тілі мұғалімі ретінде бастады. Уақыт өте келе ол бейнероликтер түсіруге қызығушылық танытып, кейіннен тек визуалды саяхат контентін жасауға көңіл бөлді.
Бүгінде оның жұмысы әлемдік деңгейге жетуде. Оның жұмыстары ондаған миллион қаралым жинайды, ал блогер ірі халықаралық брендтермен ынтымақтастықта жұмыс істеп, әлемдік форумдарға қатысады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив