Бұл туралы "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Синоптиктердің сөзінше, ертең күндіз өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, бұршақ пен дауыл күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, батыс, солтүстік пен орталық аумақтарда екпіні 25 м/с дейін жететін жел соғады.
Өскеменде де күндіз жаңбыр жауады деп болжануда. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел ұйытқиды.
Пікірлер