A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да есірткіні өз еркімен тапсырғандар сыйақы алды

Бүгін / ШҚО

Өскемен тұрғыны бір келіден астам синтетикалық есірткіні өз еркімен тапсырғаны үшін қомақты ақшалай сыйақы алды. Бұл туралы ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Төлем облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған, есірткі қылмысына қарсы күресте азаматтарды белсенділік танытуға ынталандыруға бағытталған «STOP есірткі!» пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба іске қосылғаннан бері бір жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Түскен хабарламалар бойынша 12 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз айналымнан 3 келіге жуық синтетикалық зат тәркіленді. Қырағы азаматтарға берілген төлемдердің жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты.

- Облыс прокуратурасы тұрғындарды есірткі тарату фактілері туралы «102» арнасына немесе 14 68, 8 771 659 53 22 сенім телефонына хабарлауға шақырады. Әрбір хабарласқан адамға құпиялылыққа, қауіпсіздікке және расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақыға кепілдік беріледі, - делінген хабарламада.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив