6 маусымда «Алтай альпісі»демалыс орнында «AltayRace» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қатысушылар 5, 12 және 25 шақырым қашықтыққа жүгіреді. Ал балаларға 1 шақырым қашықтық қарастырылған.
Маршрут тауға көтерілу және кері түсуді қамтиды, жалпы биіктік айырмасы шамамен 300 метр.
Қатысушылар ыңғайлы қозғалыс қарқынын таңдай алады. Қажет болған жағдайда жолдың бір бөлігін жаяу өтіп, белгіленген уақытқа үлгерссе жеткілікті.
Қатысу үшін кәсіби спорттық тәжірибе талап етілмейді, алайда денсаулықтың қалыпты болуы және базалық физикалық дайындық деңгейі қажет.
Жарыс алдында мамыр айының демалыс күндері тегін жаттығулар ұйымдастырылады. Қатысушылар алдын ала маршрутпен танысып, өз мүмкіндіктерін бағалап, нұсқаушыдан кеңес ала алады. Толық ақпарат @altayrace Instagram парақшасында және WhatsApp чатында жарияланады.
Тіркелу athletex.kz сайтында алдын ала жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі мен WhatsApp чатқа өту мүмкіндігі @altayrace Instagram парақшасында бар. Қатысу ақылы.
Белгіленген уақытта мәреге жеткен қатысушылар медальдармен, ал қатысушылардың басым бөлігі фирмалық жейделермен марапатталады.
Абсолюттік есепте және жас ерекшелігі санаттарында жеңіске жеткен қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі.
Пікірлер