A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:40 0

ШҚО-да темекі бағасы ел бойынша ең арзан деңгейде

Бүгін / ШҚО

Облыста темекі құнының өсу қарқыны басқа өңірлерге қарағанда төмен. Өткен жылмен салыстырғанда темекі бағасы 11%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Energyprom.kz мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда өндіріс көлемі өсіп келедлі. 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында елде 4 млрд темекі өндірілді.
2025 жылдың соңына қарай өндіріс көлемі 24,4 млрд-қа жетті.
Ішкі сұранысты отандық өндірушілер көбірек қанағаттандыруда. 2026 жылдың қаңтарында олардың үлесі 92,5%-ды құрады. 
Импорт екі есеге азайды. Ал экспорт, керісінше, 2,7 есеге артты.
Бірақ бұған қарамастан бағалар өсе беруде. Наурыз айында темекі бағасы өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қымбаттады.
Дегенмен тұтыну көрсеткіші тұрақты. 2025 жылы 15 жастан асқан әрбір алтыншы тұрғын темекі шеккен. Қазақстандықтар күніне 15-24 темекі шегеді. Оның басым бөлігі — ер адамдар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив