A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 16:10 0

ШҚО қартаю индексі бойынша алдыңғы орында тұр

Бүгін / ШҚО

Қазақстанда халықтың қартаю индексі өсіп келеді. 2025 жылы ел бойынша көрсеткіш 100 балаға шаққанда 32,9 құрады, бір жыл бұрын ол 31,1 деңгейінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Қалалық жерде бұл индекс ауылды жерге қарағанда жоғары, тиісінше 34,9 және 29,6.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі мәндер Маңғыстау облысында – 16,2, Түркістан облысында – 17,2 және Шымкент қаласында 17 деңгейінде тіркелген.
– Ең жоғары деңгей Солтүстік Қазақстан – 84,1, Шығыс Қазақстан – 80,7 және Қостанай облыстарында – 71,3 байқалды. Сондай-ақ жоғары мәндер Павлодар облысында – 60,2 және Қарағанды облысында – 56,6 тіркелді, – делінген хабарламада.
Алматы қаласында индекс 100 балаға шаққанда 38,3 болса, Астана қаласында – 22,9.
Халықтың қартаю индексі қарт адамдар мен балалар санының арақатынасын көрсетеді. Ол 15 жасқа дейінгі әр 100 балаға еңбекке қабілетті жастан асқан қанша адамның келетінін сипаттайды. Төмен мәндер халықтың жас құрылымының жас екенін, ал жоғары мәндер қарт адамдар үлесінің басым екенін білдіреді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив