A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:40 0

ШҚО-да 100-ден астам қаңғыбас мал айып тұрағына қамалды

Бүгін / ШҚО

Өңірде мал ұрлығының алдын алуға және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау саласында тиісті тәртіп орнатуға бағытталған «Мал ұрлығына жол жоқ» республикалық жедел алдын алу шарасы аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

5-10 сәуір аралығында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар, ветеринариялық қызмет өкілдері және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізді. Жедел алдын алу шарасы барысында 1 476 аула араланып, меншік иелеріне малдың сақталуын қамтамасыз ету шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 150-ге жуық кездесу ұйымдастырылды. 
Мал ұрлығының негізгі себептерінің бірі - қараусыз жайылым мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде 100-ден астам қаңғыбас мал арнайы айып тұрақтарына қамалды. 
Ұйымдасқан жайылым жүйесін дамыту мақсатында әкімдіктер, бақташылар мен мал иелері арасында 10 үшжақты келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті сәйкестендіруден өткізбеудің 6 дерегі анықталып, жинақталған материалдар тиісті шара қолдану үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив