Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде бұл атаулы күндердің елдің алға ілгерілеуіне серпін беретін білімнің күші мен жаңа ашылуларға деген ұмтылысты айқындайтынын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Ғылым – дамудың берік іргетасы, ал ғарыш – адамзат ақыл-ойы мен прогрестің биік шыңы. Шығыс Қазақстанның ғылыми әлеуеті жоғары, мұнда тың идеялар жоғары жетістіктерге айналуда, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ ол ғалымдар мен жас зерттеушілерді қолдау Мемлекет басшысының басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін, ал ШҚО ғылыми қауымдастығының үлесі Қазақстан экономикасының дамуына елеулі ықпал ететінін айтты.
Пікірлер