A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:35 0

ШҚО мен Ұлытау облысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының 21 адамнан құралған делегациясы Ұлытау облысына барып қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

АӨК, экономика, өнеркәсіп, туризм салаларының мамандары мен ШҚО мемлекеттік органдарының өкілдері Ұлытау облысындағы әріптестердің ауыл шаруашылығындағы тәжірибесі мен табысты агрожобаларымен танысты. Жұмыс сапарының қорытындысында Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жұмыс сапарының бағдарламасы мәдени алмасу, жергілікті фермерлермен және өндірістік циклмен танысуды қамтыды. ШҚО делегациясы Ұлытау облысындағы ӘКК мен ауыл шаруашылығы басқармасының бірыңғай жұмыс істеу тәсілінің тиімділігін атап өтті. Бұл ортақ мәселелерді шешу мен аграрлық саладағы жобаларды іске асыру уақытын едәуір қысқартады.

- Қол қойылған меморандум өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында бірлескен дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады, – деді ШҚО әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолда.

Шығысқазақстандықтар елдің басқа өңірлерімен де АӨК саласы бойынша тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив