A+ A A-

talgatzhan 30 13-04-2026, 12:35 0

ШҚО-да көлік қағып, көз жұмған қыздың ісі сотқа жетті

Бүгін / ШҚО

Көлік қаққан Гаухар Фархатқызы 19 күн бойы есін жия алмай, жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Анасы не дейді?

Айта кетейік, оқиға былтыр тамыздың 21 күні Самар ауданына қарасты Құлынжон ауылында болды. Марқұмның анасы Құралай Дәулетқанқызының айтуынша, қызы былтыр жоғары оқу орнына оқуға түсіп, үш күннен соң жолға шығуға дайын жүрген.

– Қатты келе жатқан көлік жаяу жүргіншілер өткелінде қызымды қағып кетті. Балам ауыр бас-ми жарақатын алды. Соққының қатты болғаны соншалық, 20 метрге дейін ұшырып жіберген. Қызым сол жерде бірден комаға түсті. Есін жимастан, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 19-шы күні көз жұмды, – деді анасы.

Өзі I топтағы мүгедектігі бар ана енді кінәлі адамның тиісті жазалануын талап етіп отыр.

Полиция мәліметі

ШҚО Полиция департаменті өкілдері журналистің сауалына берген жауабында, 21 тамыз күні LADA маркалы автокөлік пен кәмелетке толмаған қыз басқарған электрлі велосипедтің қатысуымен жол апаты болғанын хабарлады.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қазір қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталды, – деп мәлімдеді департаменттен.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Фото: ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив