A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 10:35 0

ШҚО-да 25 мыңнан астам адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді

Бүгін / ШҚО

Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан ел бойынша алдыңғы қатарда тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2025 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша зиянды еңбек жағдайында 396,5 мың адам жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындардағы қызметкерлердің 22,2%-ын құрайды. Оның 80,4 мыңы – әйелдер.
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндердің басым бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі. Ел бойынша бұл салада 272,7 мың адам еңбек етеді. Оның 115 мыңы өңдеуші өнеркәсіпте, ал 114,7 мыңы тау-кен өндірісінде еңбек етеді.
Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында тіркелген – 56,3 мың адам. Одан кейінгі орындарда Павлодар облысы (49,2 мың адам) және Маңғыстау облысы (37,2 мың адам) тұр. Ал Шығыс Қазақстанда 25,1 мың адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. 
Осы ретте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. 2025 жылы елдегі кәсіпорындар аталған шараларға 558,1 млрд теңге жұмсады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив