Алдағы күндері елде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Республика аумағында тұман түсіп, қатты жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстанда 14-16 сәуір аралығында қар мен жаңбыр жауып, жел соғады деп болжануда.
- Күндіз ауа температурасы +3+5 градусқа дейін, түнде -1-3 дейін төмендейді, - делінген “Қазгидромет” РМК ақпаратында.
Өскеменде 15-16 сәуірде жауын-шашын мен қатты жел күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +2+4 градус, түнде -0-2 градус болады.
Пікірлер