15–16 сәуір аралығында «Іздестіру» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өтіп жатыр.
Негізгі мақсат – іздеуде жүрген адамдардың жүрген жерін анықтау, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды табу.
Полиция мәліметінше, шара барысында Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген күдіктілерді де анықтау көзделген.
Пікірлер