A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 15:15 0

ШҚО-да заң мен тәртіпті насихаттау мақсатында 80-нен астам іс-шара өтті

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Esbol Qory» қорының төрағасы Жандос Берікұлы бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіп елдің тұрақты дамуының негізгі шарттары екенін атап өтті. 

Осы бағытта Шығыс Қазақстанда құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

- Жыл басынан бері Жастар ресурстық орталықтарының өклідері заң мен тәртіпті кеңінен насихаттау мақсатында 80-нен астам іс-шара өткізіп, 14 мыңнан астам жасты қамтыды. Сонымен қатар «Esbol Qory» республикалық қорымен бірге «Esirtkisiz Qazaqstan» жобасын жүзеге асырылды, - деді Жандос Берікұлы.

Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде нашақорлықтың, лудомания мен буллингтің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 25 жоба қолға алынды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив