A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:55 0

ШҚО-да мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін / ШҚО

Синоптиктердің мәліметінше, келесі айда күн жылы болады. Орташа ауа температурасы +8,4…+17,8 градусқа жетіп, климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айдың алғашқы онкүндігінде күн жылына бастайды. Түнде сынап бағанасы 0…+5 градус аралығында болса, кей жерлерде-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +14…+19 градустан +26…+31 градусқа дейін көтеріледі.
Екінші онкүндікте ауа райы құбылмалы болады. Алдымен температура төмендеп, кейін қайтадан +30…+35 градусқа дейін ыстық болады. Онкүндіктің соңында күн қайта суытады. 
Үшінші онкүндік те аптап ыстықпен басталып, кейін температура күрт төмендеуі мүмкін. Түнде сынап бағанасы 0…+5 градусқа дейін түсіп, таулы аймақтарда -5 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.
Жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Ай бойы жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей уақыттарда дауыл мен тұман күтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив