ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбектің мәліметінше, Өскеменде және бірқатар ауданда ауқымды абаттандыру жобалары жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Облыс орталығындағы ең ауқымды жобалардың бірі – «Стрелка» ауданында жаяу жүргіншілер аллеясын абаттандыру. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында Базовая көшесі маңындағы «Березовая роща» ауданында экопарк құру жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, беседкалар және басқа да нысандар орнатылады, – деді Рауан Тұрысбек.
Оның айтуынша, экопарктер Глубокое және Ұлан аудандарында да салынбақ.
Пікірлер