25 сәуірде Зайсан ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Сатылымға сүт, ет және шұжық өнімдері, көкөністер мен жемістер, басқа да тауарлар шығарылады.
Жәрмеңке сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін жалғасады.
Пікірлер