2 мамыр күні сағат 11:00-де “Отбасы хрестоматиясы” жобасының авторы, жазушы Санжар Керімбай Шығыс Қазақстан оқырмандарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараны “Гауһар тас” кітап клубы ұйымдастырып отыр. Кездесу аясында автордың “Бейсембай және әдеби майдан” атты кітабы таныстырылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл басқосу оқырмандарға рухани азық беріп, ой-санаға серпіліс сыйлайды. Сонымен қатар көпшілікке беймәлім тұлға — Бейсембай Кенжебаевтің әдебиеттегі орны, күресі және ұлт үшін сіңірген еңбегі туралы кеңінен таныстыру жоспарланған.
Кездесу Өскемен қаласындағы “Альшемали” сауда үйінде (Мызы көшесі, 16/1) өтеді.
Пікірлер