A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 12:00 0

Өскемендіктер сенбілік аясында 100 тал екті

Бүгін / Басты / Өскемен

Кезекті сенбілік АDK сауда ойын-сауық орталығының оң қапталын қамтып, жастар, тұрғындар және мемлекеттік қызметшілер біркісідей тал екті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шараға еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Осыған дейін қоқыс тазылығы қолға алынып келсе, осы жолы көпшілік қазылған шұңқырлар маңына топталды. Қала әкімі Алмат Ақышовтың сөзінше, апта сайынғы сенбілік Өскеменге өң кіргізу мақсатындағы қадамдар. Қала тазалығына сана тазалығымен байланысып жатқандығын жеткізді.
– Төңіректегі оң өзгерістерді өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Бұл акция әрі қарай жалғаса түспек. Әр тұрғын тазалықты өз үйінен, есік алдынан бастаса, қала көркейіп, айнала да жинақы болады. Берілген өтінімдерге сәйкес, қала көлемінде 55 мыңға тарта адам сенбілікке қатысады деп жоспаранған. Бұл жағынан ірі кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, мекемелер шығып, акцияны қолдауда. Мектеп мұғалімдері де «елге үлгі болайық» деп, шарадан шет қалмады. Кейбірі қала сыртындағы саяжайларына барып, қыстан қалған қоқыстарды тазалап жатыр. Ол да осы акциямызға жатады, – деді Алмат Талғатұлы.
Әдетте белгілі бір оқу орны немесе мекеме өкілдерінің сенбілік аясында тазалыққа мән беріп жатқаны айтылып, жазылып жататын. Бүгін қала тұрғындары да аулаларды сыпырып, бөтелке, целлофан, темекі қалдығын жинап, бірліктерін көрсетуде. Қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаевтың сөзінше, бүгін 100 түп көшет отырғызылды. Дін және партия өкілдері де көгалдандыруға үлестерін қосып жатыр. Саябақ көгалдарын күтіп-ұстауға «Таза Өскемен» мекемесі жауапты. Облыстың бас имамы Думан Сайфолланың айтуынша, тал егу – мұсылмандар үшін сауапты іс. 
– Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кімде-кім тал отырғызып жатқанда Қиямет күні басталып кететін болса да, ол талды аяғына дейін отырғызсын. Сосын кімде-кім жемісті тал отырғызып, одан адамдар жейтін болса, құс-жәндік жесе де, сол адам садақа бергендей сауап алады делінген. Жалпы, діни тұрғыда да бұл сауапты іс, – деді бас имам.
Думан Сайфолла сөз арасында хадистен тағы бірнеше мысал келтіріп, үйдің ішінде қоқыс жатса, ол жерге береке қонбайтынын алға тартты. Жастар пікірі де осымен үндес. Айдос есімді ерікті сенбілікке бір реттік шара ретінде қарау қате екендігін айтты.

Асыл АЙТБАЕВ
Фото: Buqara.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив