A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:30 0

Бұлақ бойынан бөтелке көп табылды: Өскеменде сенбілік әр жерде жалғасып жатыр

Бүгін / Өскемен

Тұрғындар қаланың тағы бір түкпірі «Востокмашзавод» маңына топталды. Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілікке таңсәріден кіріскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кісі қарасы әжептәуір. Қатардағы тазалық жұмысы деп қарамасаңыздар, басқарма қызметшілері Бражий бұлағы бойында бас қосып, басқарма алдын да ретке келтірді. Әуелде әралуан зат шаңмен қабысып, жер-жерде шашылып жатқан болатын. Сағат 10:00 шамасында қоқыс үйінділерін қанар-қаптарға сала бастады. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Дулат Сүлейменовтің сөзінше, бұл қала үшін маңызы зор шара. Әркім өзі тұратын қалада жинақылыққа ұмтылса, көктем айында-ақ көрікті қала куәсі атануға болады.
– Бүгін басқарма штатында тұрған барлық дерлік қызметші осында жиналды. Шамамен 100 адам. Жалпы, қалалық сенбіліктерге апта сайын қатысып тұрамыз. Осы жолы өз ауламызды жинастырайық деп шештік, – деді Дулат Серікұлы.
Айта кетейік, бұлақ бойынан негізінен пластик бөтелкелер мен целлофандар көп жиналды. Басшының орынбасары олар ұзақ уақыт сақталатынын ескеріп, қалдырмай жинап өтуді жөн санаған.


Асыл АЙТБАЕВ
Фото: Buqara.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив