A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:30 0

ШҚО-да «SHYGYS AIBYNY-2026» жиыны қорытындыланды

Бүгін / ШҚО

Жаңа-Ахмер кентіндегі 27 943 әскери бөлімінде «SHYGYS AIBYNY-2026» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, әскери қызметті насихаттау және ҚР Қарулы Күштерінің имиджін арттыру болды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беріп, қатысушылар ерекше белсенділік танытты.

Жастар жиынына облыстың қалалары мен аудандарынан барлығы 13 команда қатысты. Олар өздерінің дайындық деңгейін, ұйымшылдығын және патриоттық рухын жоғары деңгейде көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Ұлан ауданының «Айбын» командасы иеленді. 2 орынға Зайсан ауданының «Жастар» командасы, ал 3 орынға Риддер қаласының «Беркут» командасы ие болды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаттарға ие болып, көрермен мен ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды. Қатысушылар мен қонақтар іс-шарадан ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Аталған іс-шараны ШҚО Ішкі саясат басқармасы Жастар ресурстық орталығы, ШҚО Білім басқармасы, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Шығыс Қазақстан облысы ШҚО бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив