A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:40 0

ШҚО-да марал шаруашылығы дамып келеді

Бүгін / ШҚО

Марал шаруашылығы — Шығыс Қазақстанның өзіндік ерекшелігін айқындайтын ауыл шаруашылығының бірегей әрі келешегі зор саласы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Асыл тұқымды және теңбіл бұғыларды өсіру арқылы фармацевтика мен сауықтыру саласына қажетті марал мүйізі (панта) алынады.

Бүгінгі таңда облыста 19 марал шаруашылығы тұрақты жұмыс істеп тұр, онда шамамен 6 500 марал бар. Аталған сала Катонқарағай, Алтай, Зайсан, Күршім, Ұлан және Марқакөл аудандарда қарқынды дамып келеді. 

Отандық панта өнімдері ішкі және халықаралық нарықтарда жоғары сұранысқа ие. Туристік кластердің дамуы аясында өнімдердің экспорттық әлеуеті одан әрі арта түседі.

2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында марал өсірушілерге арналған жеңілдіктер бар. Айналым қаражатын толықтыруға несие беру: жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайды. Асыл тұқымды марал сатып алу: 6%-дық мөлшерлемемен берілетін арнайы несие өнімі. 

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдау мен өңірдің бірегей табиғи жағдайлары марал шаруашылығының алдағы уақытта қарқынды дамуына сенімді негіз болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив