A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:35 0

Шемонаиха қаласында бозбалалар қоғамдық мүлкіне зиян келтірді

Бүгін / Шемонаиха

Әлеуметтік желілерде қаладағы саябақтардың бірінде үш адамның қоғамдық тәртіпті бұзған сәті түсірілген бейнежазба жарияланды. Олар қоқыс шашып, қоқыс жәшіктерін теуіп, орындықтарды сындырып, балағат сөздер айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру шараларын ұйымдастырды. Аудандық полиция бөлімі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылардың кім екені қысқа мерзімде анықталды. Олар 2007 жылғы үш жергілікті тұрғын болып шықты.

- Бұзақылар полиция бөліміне жеткізіліп, ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, тыныштықты бұзу, бөтеннің мүлкін қасақана зақымдау баптары бойынша жауапкершілікке тартылды. Материалдар заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив