A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:40 0

ШҚО-да ҚР ІІМ кубогына арналған хоккей турнирі аяқталды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Өскемендегі Б.Александров атындағы Спорт сарайында ішкі істер органдары бөліністері арасында шайбалы хоккейден ҚР Ішкі істер министрінің кубогына арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жеңіс үшін елдің ең мықты аймақтық құрамалары бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша ШҚО Полиция департаментінің «Титан» командасы үшінші жыл қатарынан чемпион атанды. 2 орынды СҚО Полиция департаментінің «Достар» командасы, 3 орынды Қарағанды облысы Полиция департаментінің «Жігіттер» командасы жеңіп алды. 

Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша үздіктер анықталды: «Үздік ойыншы»— Георгий Обухов («Титан» командасы, ШҚО), «Үздік шабуылшы» — Серік Шидеринов («Титан» командасы, ШҚО), «Үздік қорғаушы» — Марат Нажмиденов (ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің командасы).

Ал турнирге қатысқан жалғыз нәзікжанды, Қостанай облысынан келген «Тобыл» командасының ойыншысы Мадина Тәжібаев ерекше сыйлықпен марапатталды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив