A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:50 0

ШҚО-да сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін / Басты / ШҚО

Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен телекөпір барысында Мемлекет басшысына өңірде жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соңғы екі жылда өңірде шамамен 250 мыңға жуық ағаш отырғызылды, ал орман қорында 40 миллионға жуық көшет бар. Аумақтарды тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді: 30 мың тонна қоқыс шығарылып, 7 мың гектардан астам жер ретке келтірілді. «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 200-ден астам бұлақ пен өзен тазартылды. 

Биыл тағы 18 миллионға жуық көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Бүгін облыс бойынша сенбіліктерге 100 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 25 мың адам – ірі кәсіпорындардың қызметкерлері. Үлбі металлургиялық зауыты аумағында 300-ге жуық қызметкер 100 шақты жас шырша мен шетен ағашын екті. 

- «Таза Қазақстан» Шығыс Қазақстанда жай ғана науқан емес, туған жерге жанашырлықпен қараудың тұрақты дағдысына айналды. Халықтың белсенділігіне қарап, бұл бастама алдағы уақытта да қарқынын арттыра беретіні анық, – деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив